«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 374 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 288 бұйрығы

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 374 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 288 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36888 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бектілген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу Қағидаларында:

3-тармақтың 8), 11), 12) 18) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

8) біліктілік талаптары - бұл сатып алу нысанасы бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін қажетті, осы Қағидаларда және конкурстық құжаттамада белгіленген әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар;

11) өнім беруші - Тапсырыс берушiмен жасасқан сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.